Шығыс пен Батыс аясындағы қазақ мәдениеті

Авторлар

  • T. H. Gabitov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • M. B. Alikbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. O. Omirbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты Шығыс пен Батыстың өркениеттік өрісіне Қазақстан енуінің жағдайлары, шарттары мен ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. Түрлі тарихи және әлеуметтік үрдістерге қатысты тәуелсіз Қазақстан үшін даму үлгісін таңдау қажеттігі туындады. Бұл таңдау, бір жағынан, Батысқа қатысты интеграциялық үдерістермен байланысты болды. Басқа жағынан, Қазақстан өзінің ділі, тамырлары мен дәстүрі бойынша Шығысқа жақын. Сондықтан Шығыс пен Батыстың арақатынасы Қазақстан үшін тек теориялық мағынаға ие емес. Шығыс пен Батыс тек географиялық немесе өркениеттік категориялар емес, ал белгілі бір дүниетанымдық және дүниеге қатынастық типтерді білдіреді; Батыстың белсендігі сыртқа, техникалық және рационалистік өркениетті қалыптастыруға бағытталған, интровертивті Шығыс өз белсенділігін рухани мәдениетті жетілдіруге бағыттайды.
Түйін сөздер: европоцентризм, глобализация, мәдени саясат, мәдени плюрализм, әлеуметтік-мәдени құндылықтар.

Жарияланды

2018-06-15