Қожа Ахмет Ясауидің сопылық философиясы түріктердің мұсылман дүниетанымының негізі ретінде

Авторлар

  • З. Б. Малгараева
  • С. А. Касабеков
  • Л. А. Умирзакова

Кілт сөздер:

, сопылық, ислам діні, түрік мәдениеті, зікір, пантеизм, шығыс философиясы.

Аңдатпа

Бұл мақалада сопылықтың негізін салушы Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы мен іс-әрекетіне талдау жасалады. Қ.А. Ясауидің іс- әрекеті бойынша көптеген жазбаша деректер көрсетіліп, оны түркі мәдениетінің негізін қалаушылардың бірі ретінде сипаттайды. «Диуани Хикмет» еңбегін зертеу арқылы оның діни - философиялық дүниетанымын талдауда: құдайдың табиғатта болуы пантеистік ойдан бастап ол құдайды тану арқылы адамның адамгершілік қасиеттеріне жетуін көрсетеді. Осы жұмыста сопылықтың негізін салушының іс- әрекеті қарастырылып, мынандай аспектілеріне назар аударылды: сопылық арқылы ислам дінінің түркілік ортаға бейімделуі, түркі тілдес халықтардың мәдени-саяси қауымдастыққа бірігуі, ясауидің орденінің құрылуы, түркі тілінің мәртебесін көтеру, хикмет арқылы шығыс философиясы мен поэзиясын түркі халықтарына таныстыру.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-12-01