Жаһандану мен цифрландыру жағдайындағы Саяси абсентеизмнің трансформациясы (scopus және web of science мәліметтері негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp973202613Аңдатпа
Бұл мақалада Scopus және Web of Science мәліметтері негізінде экономикалық жаһанданудың туындатқан құрылымдық оқшаулану сезімі мен цифрландырудың қамтамасыз еткен жаңа өзара әрекеттесу формаларының саяси абсентеизмнің сипаты мен ауқымын қалай өзгертетінін қарастырылады. Зерттеу жаһанданудың ұлттардың бірегейлену қабілетін әлсірететін әсерлері мен цифрлық платформалардың ұсынатын қатысу мүмкіндіктері арасындағы шиеленісті сайлаушылар мінез-құлқы мен институционалдық сенім аясында талдайды. Зерттеудің теориялық негізі рационалды таңдау теориясын, азаматтық еріктілік моделін және цифрлық алшақтық тәсілдерін біріктіру арқылы құрылды; осы негіз бойынша төрт негізгі гипотеза дайындалды. Аралас әдіснамалық зерттеу дизайнын қолданатын жұмыста цифрлық платформалардағы қатысу деңгейлеріне қатысты сандық деректер құрылымдық теңдеулер модельдеуі арқылы талданды, ал азаматтардың платформалық тәжірибелеріне қатысты қабылдаулары терең сұхбаттардың тақырыптық мазмұн талдауы арқылы бағаланды. Нәтижелер цифрлық сауаттылық деңгейі жоғары жас сайлаушылардың желіге негізделген белсенділікті дәстүрлі сайлау учаскесіндегі қатысуға қарағанда артық көретінін, ал цифрлық дағды мен инфрақұрылымға қолжетімділіктегі теңсіздіктердің қарттар мен әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен топтарды саяси процестерден одан әрі алыстататынын көрсетеді. Сондай-ақ, цифрлық платформалардағы ашықтық пен есептілік тетіктерінің жеткіліксіздігі мемлекеттік және саяси институттарға деген сенімді төмендетіп, “цифрлық абсентеизм” деп аталатын жаңа құбылыстың қалыптасуына негіз болады.
Зерттеушілердің пікірінше, цифрлық демократиялық құралдар өкілдік дағдарысын жалғыз өзі шеше алмайды, бірақ дизайн принциптері мен сенімді есеп беру жүйелерін қолдау арқылы қатысу демократиясына үлес қоса алады. Қорытындылай келе, саяси абсентеизмді тек саяси қатысудан бас тарту құбылысы ретінде емес, жаһандану мен цифрландыру үдерістерінің өзара ықпалдасуы нәтижесінде қалыптасатын құрылымдық сенімсіздіктің көрінісі ретінде қайта тұжырымдау ұсынылады.
Түйін сөздер: жаһандану, цифрландыру, саяси абсентеизм, сайлаушылардың қатысуы, цифрлық алшақтық, институционалдық сенім.
