Ұлттық бірегейлік халық тағдыры мен ұлт қадір-қасиетінің айнасында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp973202611

Аңдатпа

Мақаланың негізгі мақсаты – ұлттық бірегейлік феноменін зерттеудің қажеттілігін негіздеу. Осы мақсатты тұжырымдау және жүзеге асыру ұлттық бірегейліктің әртүрлі әрі өзіндік қырларын ғана емес, сонымен қатар өзара байланысты пәндік және ұғымдық салаларды қамтитын үш зерттеу блогы негізінде жүргізіледі. Бұл блоктар мақаланың негізгі бөлімдеріне сәйкес айқындалып, қарастырылады.
Біріншіден, ұлт және ұлттық бірегейлік ұғымдарының арақатынасы талданып, ұлттық бірегейліктің халық тағдырымен объективті байланысы және оның халық тағдыры арқылы айқындалу сипаты ашылады. Ұлттық бірегейлік күрделі, көпқырлы феномен әрі тұтас және интегративті құрылым ретінде қарастырылады.
Екіншіден, ұлттық бірегейлік пен дүниені ұлттық тұрғыдан қабылдау тәсілінің өзара байланысының ерекшеліктері ашылып, олардың өзара тәуелділігінің дәрежесі мен сипаты айқындалады. Ұлттық бірегейлік ұлттық қадір-қасиетті мойындау және құрметтеу императиві тұрғысынан сипатталып, адамның (жеке тұлғаның және тұтас ұлттың) ішкі құндылығына негізделген әмбебап атрибут ретінде анықталады.
Үшіншіден, халықтың ұлттық қадір-қасиеті мен ұлттық бірегейлігін ашық әрі демократиялық жолмен қорғаудың даусыз тарихи үлгісіне айналған Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының түпкі себептері жан-жақты әрі кешенді түрде қарастырылады. Осы драмалық оқиғалардан алынған қырық жыл бұрынғы тарихи сабақтардың қазіргі кезеңде де этносаралық және халықаралық қатынастар үшін тағылымдық әрі маңызды мәнін сақтап отырғаны көрсетіледі.
Зерттеу әдіснамасы ұлттық бірегейлік феноменін қарастырудың әртүрлі тәсілдеріне негізделген. Зерттеуде дәстүрлі және заманауи әдістер қажеттілігі мен мақсатқа сәйкестігіне қарай қолданылады, олардың көпшілігі пәнаралық сипатқа ие және бірқатар жағдайда имплицитті түрде жүзеге асырылады.
Мақалада зерттеудің ғылыми маңыздылығы мен өзіндік мазмұнын көрсететін мынадай негізгі аспектілер бойынша қорытындылар жасалады: ұлттық бірегейлік пен халық тағдырының бірлігі; ұлттық бірегейлік пен дүниені ұлттық тұрғыдан қабылдау тәсілі арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері; ұлттық бірегейлік пен ұлттық қадір-қасиеттің объективті өзара байланысы.
Түйін сөздер: ұлттық бірегейлік, халық тағдыры, көпқырлы және интегративті феномен, дүниені ұлттық тұрғыдан қабылдау тәсілі, ұлттық қадір-қасиет.

 

Автор өмірбаяны

  • В. Антонов, Шығыс Сібір мемлекеттік технологиялар және басқару университеті, Улан-Удэ, Ресей Федерациясы

    философия ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (Улан-Удэ, Ресей, e-mail: wlanto@rambler.ru).

     

Жарияланды

2026-09-20