Цифрлық мәдениет жағдайындағы киіз өнерінің дамуы: библиометриялық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp97320267

Аңдатпа

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мәдени өндіріс жүйесіне, көркемдік тәжірибелерге және білім алмасу тәсілдеріне елеулі өзгерістер енгізді. Соның нәтижесінде дәстүрлі қолөнер түрлері, соның ішінде киіз өнері, цифрлық кеңістікте жиі ұсынылып, жаңа мағынада қайта пайымдалып, ғылыми қауымдастықтың назарын аударып келеді. Осы зерттеудің мақсаты цифрлық мәдениет контексінде киіз өнерін зерттеуге арналған ғылыми жарияланымдардың құрылымын, тақырыптық эволюциясын және жарияланымдық үрдістерін талдау болып табылады. Зерттеу барысында библиографиялық деректер Scopus дерекқорынан алынып, RStudio бағдарламасындағы Bibliometrix пакеті арқылы талданды. Деректер жиынтығы PRISMA әдіснамасына негізделген іріктеу үдерісі арқылы таңдап алынған 69 ғылыми жарияланымды қамтиды. Зерттеу нәтижелері ғылыми зерттеулердің басым бөлігі дәстүрлі қолөнер, мәдени мұра және материалдық емес мәдени мұра тақырыптарына шоғырланғанын көрсетеді. Сонымен қатар, киіз өнері көбінесе мәдени мұраны сақтау мәселелерімен және тоқыма өнерін зерттеу бағыттарымен тығыз байланысты екендігі анықталды. Ал цифрландыру, виртуалды репрезентация және мәдени мұраны цифрлық форматта сақтау тәжірибелері зерттеудің жаңа бағыттары ретінде қалыптасып келе жатқанын байқауға болады. Сонымен қатар, авторлық белсенділіктің бытыраңқы сипаты байқалады, бұл дамып келе жатқан пәнаралық ғылыми салаларға тән құбылыс болып табылады. Тақырыптық карталау нәтижелері дәстүрлі қолөнер мен мәдени мұра зерттеудің негізгі әрі неғұрлым қалыптасқан бағыттары екенін көрсетеді. Ал цифрлық технологиялар мен виртуалды мұраға қатысты зерттеу тәсілдері ғылыми ізденістердің өсіп келе жатқанымен, әлі де даму кезеңінде тұрған бағыттары ретінде сипатталады. Бұдан бөлек, алынған нәтижелер киіз өнерін зерттеу цифрлық гуманитарлық ғылымдар, мәдени мұраны сақтау және креативті индустриялар салаларындағы кеңірек ғылыми дискурстың бір бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетеді. Осылайша, жүргізілген талдау киіз өнерін зерттеудің зияткерлік құрылымын айқындап, дәстүрлі қолөнер мен цифрлық мәдениет тоғысындағы пәнаралық зерттеулер үшін жаңа ғылыми мүмкіндіктерді айқындайды 

Түйін сөздер: Киіз өнері; цифырлық мәдениет; мәдени мұра; дәстүрлі қолөнер; библиометриялық талдау.

Автор өмірбаяндары

  • Т. Қайранбай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты. Оның ғылыми зерттеу бағыттарына мәдениет философиясы, дәстүрлі өнердің заманауи интерпретациясы, цифрлық мәдениет және жасанды интеллекттің мәдени кеңістіктегі рөлі жатады. Зерттеу жұмыстарында дәстүрлі киіз өнерінің мәдени-философиялық негіздерін және оның цифрлық мәдениет жағдайындағы трансформациясын қарастырады.

  • А. Жолдубаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Профессор, философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан., E-mail: azar.08@mail.ru, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-8864-6820

     

Жарияланды

2026-09-20