Ши тоқу сәндік-қолданбалы өнері – қазақ мәндениетіндегі  рухани болмыстың көрінісі

Авторлар

  • Қ.Ж. Тулақбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • А.Р. Масалимова https://orcid.org/0009-0009-0945-4619

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp96220268

Аңдатпа

Мақала авторлары сәндік-қолданбалы ши тоқу өнерінің ұлттық салт-дәстүрді  тасымалдаушы ретіндегі теориялық-әдіснамалық  негіздері нақтыланып, 
жүйелік, синкретикалық,  мәденитанымдық, аксиологиялық, экологиялық  әдіснамалық тұғырлар жиынтығына талдау жасалды. Сонымен қатар, қазіргі жаһандану заманында дәстүрлі өмір салтындағы ши тоқу өнерінің жаңа сипат алуы тарихи-мәдени деректер негізінде талданып, оның қоғам мәдениетіндегі ықпалы басты назар алынған.Нәтижесінде қазақ тарихында орын алған отарлау, жаһандану үдерістерінің ши тоқу өнерінің дамуына ықпалы, мәдени танымдық өзгерістері  анықталды. 
Зерттеудің маңыздылығы:  сәндік-қолданбалы ши тоқу өнері ұлттық дүниетаным мен эстетикалық сананың көрінісі ретінде қарастырылған тың мәліметтер мен ғылыми  тұжырымдар этнография, мәдениеттану, өнертану бағытында  талдау жасауға және зерттелетін мәселенің теориялық негіздерінің айқындалуына тірек болды. Авторлар ұсынған ши тоқу өнерінің  символдық белгілері сурет арқылы беріліп, оның ою-өрнек мазмұнында, адам мен табиғат байланысында және тұлғаның мінез-құлық сипатының сабақтастығын  нақтылауға негіз болды. Мақалада берілген арнайы пән негізінде студенттердің меңгерген  ши тоқу өнерінің техникасы мен трансформациялану бағыты олардың  тәжірибе жинақтауы мен  нәтижелі аяқталған жұмыс орындау үлгілерінің көрінісін сипаттау –  зерттеу жүмысының  практикалық маңыздылығын өрнектеуде.
Түйін сөздер: мәдениет, ши тоқу, ою-өрнек, символ, ұлттық дүниетаным, құндылық, қолөнер  

Автор өмірбаяндары

  • Қ.Ж. Тулақбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  PhD докторанты (Алматы қ., Қазақстан). mail:  ktulakbaeva@mail.ru
    ORCID ID: 0009-0009-0945-4619

  • А.Р. Масалимова

    Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандық қоғамдық даму институты (Астана қ., Қазақстан).

Жарияланды

2026-06-20