Қазақ сахнасындағы шетел пьесаларының бүгінгі интерпретациясы

Авторы

  • Е. Нұрсұлтан Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
  • А. С. Еркебай М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Ключевые слова:

Театр, классика, драматургия, режиссер, актер.

Аннотация

Мақалада тәуелсіздік жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында классикалық шетел драматургиясының қойылу деңгейі сараланады. Әр жылдары қойылған К.Гоццидің «Турандот ханшайым», Б.Брехттің «Тоғышардың тойы», Г.Ибсеннің «Бақытты болған емеспін», Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат», Н.В.Гогольдің «Пара», А.П.Чеховтың «Шағала» қойылымдары талданады. Драма авторы ұсынған идеямен режиссері ұсынған ой-тұжырым арқылы қойылымның концепциясы қарастырылады. Жаңа бағыт, жаңа мазмұн, жаңа бейнелер жасаудағы режиссерлердің соны сахналық шешімдері сөз болады. Сондай-ақ, кейіпкер сомдаудағы актерлердің шеберлік деңгейі нақты мысалдармен дәлелденеді. Режиссерлердің әлемдік классиканың бүгінгі интерпретациясын ұсынуы арқылы ұлттық театр өнерінің жаңа сатыға көтерілгені анықталды.

Как цитировать

Қазақ сахнасындағы шетел пьесаларының бүгінгі интерпретациясы. (2016). Journal of Philosophy Culture and Political Science, 53(4). https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/167