Батыс Еуропа тарихындағы Ислам мәселесі

Авторы

  • Н. Ж. Байтенова
  • М. М. Сембаева
  • Н. А. Абдразакова

Ключевые слова:

ислам, Батыс Еуропа, еуроислам, француз-мұсыл­ мандар, исламофобия, исламдық ассосациялар.

Аннотация

Мақалада Батыс Еуропа елдеріндегі исламның таралу тарихы, қа­ зіргі жай-күйі, сонымен қатар маңыздылығы мен негізгі құндылықта­ ры жайлы сөз қозғалады. Батыс Еуропадағы ислам мәселесі қазіргі таңда өте маңызды тақырыптардың бірі болып отыр. Ислам дінінің Батыс Еуропа елдеріндегі таралу тарихы сан-салалы және алуан түр­ лі. Ислам мәдениеті өзінің таралған уақытынан бері қарай көптеген игі іс-шараларымен айқындалуда. Мысалы, көптеген әдебиеттерге қарайтын болсақ та мұны аңғаруымызға болар еді. Мұсылман араб ғалымдарының ғылымдағы орны мен жетістіктері жөнінде кезінде Еуропа ғалымдары да көп айтқан. Мәдениет пен өркениет қатынас­ тарының дамып, өзара бірігуі Исламнан кейін ғана мүмкін болды. Ислам өркениеті арқылы Шығыс пен Батыстың барша өркениеттері үлкен-үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Как цитировать

Батыс Еуропа тарихындағы Ислам мәселесі. (2016). Journal of Philosophy Culture and Political Science, 52(3). https://bulletin-philospolit.kaznu.kz/index.php/1-pol/article/view/164