Компаративистика – мəдениеттердің өзара əсер ету əдісі ретінде
Аңдатпа
Мақалада мəдениеттерді салыстыру мəселесі олардың өзара қатынасы ретінде қарастырылады. Бұл салыстыру əдісінің алғашқы принциптерін Дж Лафито, Д Ветелен жəне XVIII ғасырдың басқа да зерттеушілері қолданғандығы атап өтіледі. Əсіресе салыстырмалы философия концепциясын жасаған француз философы П.Масон-Урсельдің рөлі атап өтіледі, себебі оның концепциясы мəдениет философиясының интеграциясын алдын ала қарастырады.







