Модернизация жəне идентификациялық дағдарыстан шығу мəселесі
Аңдатпа
Аталмыш мақалада қазіргі күн тəртібінен түспей тұрған өзекті мəселелердің бірі модернизациялану үрдісінің егеменді Қазақстан Республикасының жедел дамуындағы маңыздылығы жайлы кеңінен баяндалады. Сонымен қатар модернизацияның рухани құндылықтан материалдық құндылықты жоғары қою жағдайын ескере отырып, модернизация барысында рухани құндылықтарды алға қою мен оны жан-жақты дамыту мəселелері қозғалған. Ал рухани құндылықтардың сипаттаушы қозғаушы күші ретінде ұлттық идея идеологияның негізгі ұстанымдарын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтіледі. Түйін сөздер: сұхбат, əлеуметтік модернизация, жаһандану, сегунат, күйзеліс, идентификация, ұлтжандылық.







