Заманауи болмыс аспектісіндегі əлеуметтік мифтер
Аңдатпа
Бұл мақалада əлеуметтік мифтердің бітім-болмысы жəне олардың заманауи түрлерінің ерекшеліктері зерделенген. Заманауи мифтер өздерінің мазмұны, сондай-ақ формасы жағынан да ежелгі аңыз-əпсаналардан өзгеше болып келеді. Дегенмен ежелгі аңыз-əпсаналар секілді олар да бұқараның санасын жаулап алып, оның əлеуетін қажетті арнаға бағыттай алады. Əдетте дəстүрлі құндылықтар жойылуға бет алып, ал жаңа құндылықтар енді ғана қалыптасып жатқан, қоғамның күйзеліске түскен уақытында (соғыс, аласапыран, төңкерістер жəне т.б.) мұндай мифтерге деген сенім күшейе түседі. Заманауи мифтерге қатысты, олардың таралуының латентті жəне белсенді фазалары туралы сөз қозғауға болады. Миф белсенді фазаға өткен кезде өзінің ықпалын тұтас əлеуметке, не болмаса оның көп бөлігіне дейін ұлғайтып қоғамдық басымдыққа ие болады. Ал қоғамның күткен дүниелері орындалмаған не болмаса қоғамдық көзқарас өзгерген болса миф өзінің бұрынғы «атақдаңқынан» айырылып, жақтастарының да саны азайып, өзге идеологиялық модельге орын босатады. Бірақ та қоғамдық сұраныстың кезекті толқынында типологиялық тұрғыда бір-біріне ұқсас тарихи оқиғалар орын алған кезде ескі мифке деген қажеттілік артып, ол қайтадан идеологиялық басымдыққа ие болуы əбден мүмкін.







