Саяси əлеуметтену модельдерінің теориялық негіздемелері

Авторлар

  • L. M. Kim Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ
  • D. A. Sikhimbayeva Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Cаяси əлеуметтену түсінігінің генезисі мен қалыптасуы саясаттану ғылымында өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Оның бір себебі қазіргі таңда тұлғаның саяси дамуына қоғамдық қажеттілік артып отырса, екінші бір себебі, сол тұлғаның мемлекет пен оның саяси институттарынан алшақтаудың орын алуы. Пəнаралық зерттеулер байланыстарының дамуынегізінде саяси əлеуметтену модельдерінің түрлері мен олардың мəндері жан-жақты ашылып, көрсетілді. Қазіргі таңда қоғамдағы саяси үдерістердің динамикасы мен күрделі сипаттары адамдардың саяси əлеуметтену үдерісін терең зерттеу қажеттілігінен туындады. Осы орайда, авторлар саяси əлеуметтену концепциясының пайда болуын өзге де қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамығанын айтып, аталмыш құбылысты қарастыруда жəне түсінуде пəнаралық зерттеу тəсілдемесінің маңызын көрсетеді. Саяси əлеуметтену концепциялары тұлғаның саяси əлеуметтену үдерістеріндегі негізгі факторлар мен даму заңдылықтарына терең үңілу мен талдау жасауға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: саяси əлеуметтену, концепция, модель, институт, үдеріс

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-09