Этностық конфликтілерді реттеу ұғымына негізгі көзқарастар
Аңдатпа
Отандық жəне шетелдік саяси, əлеуметтік конфликтологияда конфликтіні реттеудің жалпыға ортақ əмбебап əдістемесі жасалмаған. Ғалымдар арасында ұғымдарға, проблеманың тəсілдемесіне, оған қатыстықолданатын əдістерге қатыстыауызбірлікжоқ. Бұл этносаралық конфликтілерді шешудің тиімділігін төмендетеді. Конфликтіге араласушы тараптардың оны шешуге қатысты ұстанымдары да əркелкі болуы мүмкін. Əр тарап конфликтіні өз тұрғысынан бағалағандықтан, өркениетті диалогтың болмауынан олардың арасындағы түсініспестік арта түседі. Конфликтология ғылымының мақсаты – кикілжіңнің əр кезеңіне, онда қолданылатын əрбір шараға айқын анықтама беріп, тиісті əдістің дер кезінде орындалуына жəрдемдесу. Сондықтан осы мақалада конфликтіні реттеу барысындағы іс-шаралардың ұғымдарына талдау жасалып, анықтама беріледі. Бұл конфликт теориясымен айналысатын ғалымдардың жəне практик мамандардың құбылыстың мəнін жете түсініп, тиісті тактикалық жəне стратегиялық амалдарды қолдануына көмектеседі. Түйін сөздер: конфликт, этносаралық конфликт, конфликті реттеу, əлемдік қайымдастық.
