Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлі

Авторлар

  • Zh. A. Basygarieva Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ
  • E. O. Sadibekov Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

«Ядролық дəуір» – үрей мен қауіп-қатерге толы, қиратушы күшті білдіретін түсінік. Бұл – адамзат тарихында 1945 жылдың тамыз айынан, Хиросима жəне Нагасакидан бастау алған кезең. Ядролық қаруды құружəне қолданудыңжартығасырлық тарихы бүкілжершарындағы барлық тіршілік иелеріне өлім əкелетіндігін көрсетіп, ядролық соғыстан аман қалудың мүмкін еместігін дəлелдеді. Қырғи-қабақ соғыстың аяқталғанына қарамастан ядролық қауіп төмендер емес. Ядролық қарудың көбеюі оны қолдануға немесе əскери-саяси есептердің күшіне немесе техникалық «олқылықтардың» нəтижесіне айналу қаупін күшейтеді. Қарулану жарысы ғаламдық қауіпсіздікке төнер қауіпті одан бетер ұлғайта түседі, себебі бұл басқа мемлекеттер тарапынан бақылауға алына алмайтын қарулар түрін жасауға əкеледі. Яғни бұл проблема халықа алық келісімдер негізінде тыйым салуға немесе шектеуге де қиыншылық тудыруы мүмкін. Осыны түсіне отырып қарулану жарысын болдырмауға барлық мемлекет, тіпті бүкіл адамзат ұмтылуы керек. Қазіргі жағдайдағы ядролық қарусыздану жəне таратпау мəселелерінің өзектілігі адамзаттың тұрақты дамуына төнетін қауіп-қатермен байланысты. XXI ғасырдағы оқиғалар ағыны қауіпсіздік, соның ішінде ядролық қауіпсіздік механизмдеріне жаңаша тұстан қарауды қажет етеді. Осы кезекте ядролық қаруды таратпау шараларына белсенді атсалысып, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасының елеулі үлесі əлемдік қауымдастыққа үлгі. Өйткені Қазақстан Республикасы бейбіт болашақ пен халықаралық қауіпсіздік жолына шынайы қадамдар жасап, ядролық қарусыз əлемді құру жолын таңдады. Түйін сөздер: ядролық қару, қауіп-қатер, атом энергиясы, қауіпсіздік, саммит.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-09