Еңбек – заманауи «ізгі қала» құрудың негізі

Авторлар

  • A. D. Kurmanaliyeva

Аңдатпа

Мақалада əл-Фарабидің қайырымды қоғамы, қайырымды қоғамды құрудағы басшының рөлі, қайырымды қоғам құрудағы негізге алынатын басты құндылықтардың бүгінгі заманмен сабақтастығы туралы ой қозғалады. Қай заманда болмасын қайырымды басшының елінің игілігі үшін мойнына үлкен жауапкершілік алады. Сол мемлекеттік мүддені жүзеге асыру бағытында заман сұранысына сай еңбек етеді. Қазақстан Республикасының Елбасының «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ОртақЕңбекҚоғамына қарай 20 қадам» аттыбағдарламалыбаяндамасындағы қойылған міндеттер басшының мемлекет мүддесі үшін жасалатын шаралар болып табылады. Мұнда көтерілген еңбек қоғамына қарай дамуда əрбір азаматтың жеке жауапкершілігі, азаматтық санасының тəрбиеленуінемаңызберіледі. Еңбеккедегенқажеттілікқазіргікезеңдеорыналыпотырғандағдарыстық жағдайлардан шығудың жəне əлемдік нарықта бəсекеге қабілетті елдер қатарына кірудің шешімі ретінде беріледі. Еңбек теориялары, еңбектің қоғам дамуындағы маңызы, еңбектің ортақ игілікке қызмет етуі үшін еңбек санасын қалыптастырудың маңыздылығы туралы сөз қозғалады. Мемлекеттің əлеуметтік көмектеріне иек артпай, мемлекеттің дамуы үшін əрбір азаматтың қосатын үлесі басты құндылық екені көрсетіледі. Еңбек қоғамын құрудағы білім жəне ғылым саласында еңбектеніп жүрген ғалымдардың, соның ішінде дінтанушы мамандардың үлесі, еңбегі көрсетіледі. Түйін сөздер: «қайырымды қала», басшы, əлеуметтік модернизация, еңбек, дінтану.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-09