Қазақ мәдениеті рухани құндылықтарының трансформациялануы: дәстүрден қазіргі күнге дейін

Авторлар

  • N. Abdulina Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті
  • A. Abisheva Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті

Аңдатпа

Қазақ мәдениетінің құндылықтары бұқаралық мәдениеттің әсерімен бірқатар өзгерістерге
ұшырады. Ұлттық мәдениетті анықтайтын рухани құндылықтарды сақтау әлемде бірдейліктің
сақталуына және трансформациялануына нақты бағдарламаларды қажет етеді. Трансформация
теориясы адамның прогресс идеясына негізделген. Рухани жаңғыртудың тұжырымдамасы қазақ
халқының ұлттық сана-сезімінде, әлемде түсіністік пен төзімділікті дамытуды көздейді.
Мақала жаһандану жағдайындағы қазақтардың рухани құндылықтарын трансформациялауды
зерттеуге арналған. Авторлар Инглхарт теорияcының тұжырымдамасына негізделген
трансформацияның негізгі бағыттарын қарастырады. Мақалада қазақ мәдениетінің рухани
құндылықтарын дамытуға экономиканы цифрландыру, ғылыми-техникалық прогресс және
ғаламтордың әсері анықталды. Қазақстан жалпы цифрлық болашаққа көшу процесінде
айналасындағы пікірлес елдер коалициясын құрайтын елге айналуы тиіс.
Түйін сөздер: рухани құндылықтар, трансформация, қазақ мәдениеті, цифрлау, ғаламтор,
жаһандық әлем.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-01