Визуалды антропология объектілерін зерделеудегі пәнаралық тәсіл (Әбілхан Қастеевтің акварельді жұмыстарының негізінде)

Авторлар

  • G. Temirton Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музей

Аңдатпа

Шетелдік тарихнамада сан алуан музейлік артефактілерді дереккөз ретінде пайдалану
ғылыми дәстүрге айналған. Отандық тарихи зерттеулерде деректердің бұл категориясына назар
аударылмайды. Осы орайда, отандық тарихнамада күні бүгінге дейін белгісіз болып келген
отандық және шетел музейлерінің қоры мен экспозицияларындағы материалдар Қазақстанның
тарихы мен мәдениетін зерттеуде аталған хронологиялық шеңбер үшін нақты деректік база
болып отыр. Тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы қазақ халқының тарихы мен этнографиясы
бойынша визуалды антропология нысандарының ерекше категориясы ретіндегі Ә. Қастеевтің
бұрындары қалың көпшілікке, тіпті арнайы сала мамандарына да белгісіз болып келген акварель
жұмыстарының сериясын ғылыми айналымға енгізумен дәйектеледі. Зерттеу мақсаты: Ә.
Қастеевтің музей қорларындағы акварель шығармаларын қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін
насихаттайтын ерекше визуалды антропологиялық нысаны ретінде қарастыру. Зерттеудің
ғылыми-практикалық маңыздылығы: зерделеу жұмыстарын жүзеге асыру арқылы қазақтардың
тарихи-мәдени этнографиясын және ұлттық бейнелеу өнері бойынша көрнекі ақпарат пен
деректік базаны кеңейтуге мүмкіндік туғызу. Мақала жазу барысында Ә. Қастеев жұмыстарын
себеп-салдарлық байланыс тұрғысынан жанрлық және стильдік бағытта зерттеуге мүмкіндік
беретін жүйелік әдіс; тарихи-салыстырмалылық, аналогтармен салыстыру және шендестіру,
анализ жасау және контекстуальдық сияқты тәсілдер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде алынған
тұжырымдар қазақ халқының дүниетанымдық басымдығымен отандық бейнелеу өнерінің
сабақтастығы тұрғысында қазақ халқының тарихы мен этнографиясын дамытуға қосқан зор үлес
болып табылады деп есептуге әбден болады.
Түйін сөздер: тарих, мәдениет, этнография, өнер, визуалдық антропология, суретші,
акварель, сурет, дәстүр, музей.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-01