Ұлттық менталитет жүйесіндегі әлеуметтік үміт

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада болашақтың проекциясы болатын үміттің ұлттық менталитеттің мазмұны мен
ерекшеліктеріне ықпалы талданады. Автор әлеуметтік үміт құбылысын болашақта мәдени-ұлттық
қоғамдастықтың тіршілік ету құралы ретінде қарастырады. Зерттеу жұмысында болашақ туралы
ұлттық идеялардың менталитеттің қалыптасуына ықпалын талдайтын компаративистік анализ
бен қайта құру қолданады. Әлеуметтік үміт болашақ өмір туралы алдын-ала түсінік ретінде
қарастырылады, және ол менталды ортада көрініс тапқан жаңартылып отыратын табысты өмірлік
тәжірибесіне негізделеді. Жұмыста ұлттық менталитеттегі әлеуметтік үміттің темпоралды осінің
қалыптасуы талданды. Болашақтағы қоғамдық қатынастардағы субъекттіліктің миграциясы мен
таралуына баса назар аударылды. Мақалада болашақта дамудың үлгісі ретінде қызмет ететін
«ұлттың даусы» болуының және сапасының орын алуы бұл құбылыстың өмір сүруінде маңызды
рөл атқаратыны атап өтіледі. Жұмыстың нәтижесінің практикалық маңыздылығы – менталитеттің
болашағын проекциялауда маңызды іргетасы болып табылатын әлеуметтік үміт тұжырымдамасын
негіздеуде. Зерттеу жұмысының материалдарын «Онтология», «Аксиология», «Әлеуметтік
үдерістерді болжау» курстарын оқытуда пайдалануға болады.
Түйін сөздер: әлеуметтік үміт, ұлттық менталитет, болашақ, субъекттілік, когитация,
хронотоп, фрейм, репетативтілік, мәдени-ұлттық қауымдастық

Жүктеулер

Жарияланды

2019-01-01