Жаһандық үдерістің қазіргі заманғы Қазақстандағы ұлттық бірегейлікке әсері

Авторлар

  • Т. Т. Оспанов Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы
  • А. Х. Рамазанова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

жаһандану, бірегейлік, тепе-теңдік, этникалық бірегейлік, қоғам, қауіп, ерекшелік.

Аңдатпа

Мақалада жаһандық үдерістің қазіргі заманғы ұлттық бірегейлік- ке әсері қарастырылады. Жаһандық үдерістің әсерінен, бір жағынан ұлттық ерекшеліктердің жоғалуы, ұмытылуы орын алса, екінші жағы- нан, бұл жағдайда кез келген ұлт өзінің бірегейлігін сақтап қалуға ты- рысады. Өзінің жеке этникалық бірегейлігін ұғыну нақты қоғамдық мүддемен, соның ішінде, саяси, экономикалық, мәдени сипаттағы топтық қажеттіліктермен байланысты. Осыған орай, этникалық біре- гейліктің қызметі әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық үде- рістердің даму факторы болып табылады. Этникалық бірегейліктің компоненттеріне жаһандық фактор тура немесе жанама әсерін тигі- зіп, жасырын қауіп туындатады. Мақалада жаһандық үдерістің ұлт- тық бірегейлікке жағымсыз әсерінің алдын алу тетіктері ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-03-01