Қазақстандағы əкімшілік реформасы: мəселелері, үрдістер, болашағы

Авторлар

  • Ш. Халикова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Хайдарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Қазіргі замандағы Қазақстан өтпелі кезеңнің қиындықтарын сəтті өткеріп, əлемдік экономикаға
интеграциялауға, елдің бəсекеге қабілеттілігін көтеруге жəне қазақстандықтардың өмірін сапалы
жақсартуға бағытталған жаңа мақсаттарды алдына қоюда. Осы жағдайларда, экономиканың ары қарай өсуімен біздің қоғамның демократизация бағытының таймауын қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде
əкімшілік реформалар мəселесі ерекше өзектілікке ие. Əкімшілік реформаның табыстылығы мемлекеттік
аппараттың тиімді жұмысына алып келетінін айту қажет. Əкімшілік реформаларды жүргізу əр уақытта
да үлкен қауіптермен байланысты жəне ішкі кедергілермен кездеседі. Əкімшілік басқару реформасының
негізгі принциптері мен бағыттары демократиялық құқықтық мемлекетті құрудың жалпы стратегиялық
міндеттерімен келістіріле қалыптастырылған.
Түйін сөздер: əкімшілік реформа, мемлекеттік басқару, модернизация, реформалау, менеджерлі мо-
дель.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-28