Парламентаризм феноменінің постсоциалистік қоғамдардағы өзгерістері: институциализация мəселелері
Аңдатпа
Постсоциалистік трансформациялы қоғамдарға басқару үлгісі мен оны тəжірибеде жүзеге асыру мəселесі өте өзекті болып табылады. Мақалада парламентарлық басқарудың басымдықтары жəне оның қалыптасу жолындағы қиыншылықтары мен трансформацияланушы қоғамның саяси жүйесіне енгізілуі қарастырылады. Түйін сөздер: демократия, парламентаризм, парламент, халық өкілеттілігі, басқаруды бөлу принципі, өтпелі қоғам, модернизация.







