Американдық мультикультурализм эволюциясы: «балқыту тиглі» теориясынан «этникалық мозайкаға» дейін

Авторлар

  • А. Кадыралиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. Жолдубаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақалада мəдени көптүрлілігімен сипатталатын американдық қоғам дамуының тарихы қарастыры-
лады. Американдық қоғам тарихи тұрғыдан иммигранттар қоғамы ретінде қалыптасып, өзіндік ерекше
белгілері бар көптеген этникалық топтарды біріктірді. Мақалада «этникалық мозайка» концепциясындағы
мультикультурализм эволюциясына дейінгі «балқыту тиглі» идеясын жүзеге асырған көпұлтты
американдық қоғам дамуына тарихи шолу жасалады. Ұлттық азшылық пен елдің «түсті» халқына,
олардың өз құқықтарын жүзеге асыру барысындағы күрес мəселесіне баса назар аударылады. Сонымен
қатар американдық мультикультурализм саясатының ерекшеліктері мен салдары, оған тартылған сын мен
жетістіктері талданады.
Түйін сөздер: иммигрант, мультикультурализм, сегрегация, «балқыту тиглі», «этникалық мозайка»,
азаматтық құқық.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-27