Қазақстанның жаңа жастар саясаты: өту механихмдері
Аңдатпа
Қазақстанда барлық этникалық топтар жастарының басын біріктіретін идеологияның қалыптасуы көп жағдайда тіл мəселесінің шешілуіне байланысты, басқаша айтсақ, қазіргі кезде қазақстандық қоғамның мəденитілдік бөлінуіне байланысты пайда болатын қиыншылықтарды жеңу. Қазақ тілі шынайы мемлекеттік тіл функциясын атқарған жағдайда ғана бұл мəселе өз шешімін табады. Бұл айғақтар тіл мəселесі мемлекеттік этносаясаттың стратегиялық бағытының бірі ретінде болуы керек. Бүгінгі күні қазақ тiлiн енгiзудiң келесі қиыншылықтары бар: Біріншісі, ең бастысы – орыстілді жастардың қазақ тілін оқуға деген ынтасының жоқтығы. Бірақ та ынтаның жоқтығын бұр мəселені шешуде қоғамдағы шынайы сұраныстың жоқтығымен шатастыруға болмайды (орыстілділерді санағанда). Екіншісі – бұл тілді оқыту шарты, оның ішінде əдістемелік жəне құралдық проблемалары. Соңғы кезде əлеуметтік бірегейліктің шайылу құбылысы, «мəдени супермаркет» құбылысы байқалады. Эксперттердің айтуынша, Қазақстанның жастарын немқұрайлы ұрпақ деп сипаттауға болады. Жастардың өзін-өзі көрсетудің негізгі факторы болып табылатын дербестік жəне мақсатқа талпынушылық деген мінездеме жастар арасында өте төмен деңгейде байқалады. Доминантты құндылық ретінде ақша, білім алу жəне мансап, іскерлік лауазым көрініс табады. Жастар саясатының маңызды механизмі ретінде қазіргі жастардың құндылық бағдарын қалыптастыратын үрдіс мемлекеттік идеологияның болуы тиіс. Қазақстан жастарының құндылық бағдар жүйесінің біртұтас базалық институционалу механизмін əрі қарай іс жүзіне асыруға тежегіш болатын біздің қоғамның «деидеологизациясы». Түйін сөздер: жастар, жастар саясаты, идеология моделі, құндылық бағдар, құндылық жүйесі, əлеуметтіксаяси құндылықтар, тіл мəселесі, БАҚ.







