Жеке тұлғаның экологиялық мəдениетін қалыптастырудағы əлеуметтік институттардың рөлі

Авторлар

  • T. H. Gabitov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • S. M. Kaupenbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • S. M. Kaupenbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Ғылыми мақалада адамның табиғатқа жəне қоршаған ортаға деген жауапкершіліксіз қарым-қатынасының нəтижесінен пайда болған экологиялық мəселелер қарастырылады. Қазіргі кездегі қоғамның көпжылдық қиратушылық əрекеті мен адамның табиғат пен қоршаған ортаға деген көзсіз қатынастары ауқымдық экологиялық апаттарға əкеліп соқтырды. Бұдан шығудың жалғыз бір жолы – тиісті экологиялық əрекеттер төңірегінде өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тəрбиелеу. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін үздіксіз экологиялық білім беру мен тəрбиелеуді жетілдіру қажет. Бұл мақалада жеке тұлғаның экологиялық мəдениетін қалыптастыратын үздіксіз білім беру мен тəрбиелеудің жолдары қарастырылады. Жеке тұлғаның экологиялық білім деңгейін анықтау үшін пилотажды-социологиялық зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар экологиялық мəдениеттің негізгі институттарының қызметі қарастырылып, экологиялық мəдениетті қалыптастырудағы əлеуметтік институттардың (отбасы, білім беру салалары, бұқаралық ақпарат құралдары) атқаратын рөлі анықталды. Түйін сөздер:  экологиялық тəрбие, экологиялық білім беру, мəдениет экологиясы, əлеуметтік институт, жеке тұлға.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-26