Шəкəрім дүниетанымындағы адам мəселесі

Авторлар

  • Ж. Алтаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Д. Дариябек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ж. Таштырова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

ХІХ ғасырдың соңында тұлғалық қалыптасу кезеңдерінен өтіп, ХХ ғасыр басында тарих сахнасы-
на шығып, далалық өлкеде жүріп жатқан күрделі саяси-əлеуметтік, дүниетанымдық өзгерістерге тікелей
араласып, туған халқымен бірге өтпелі кезеңнің ашы-суығын бірге татқан қазақ зиялыларының бірі
Ш. Құдайбердіұлының философиялық ой-пікірлерінің тарихи контексін ашып көрсету болып табы-
лады. Адам мəселесімен шұғылданған ойшылдар ішінде этикалық, моральдық өлшемдерді ар-ұждан
философиясының деңгейіне көтеріп, ар білімін білім атаулының төбесіне қойған ғұлама – Шəкəрім бол-
ды. Шəкəрімнің қазақ оқығандарының алдына қойған атақты бес сұрағы түгелімен адам жаратылысын,
тіршілігін, келешегін, өлшемін, өзгеруін саралап, қазақ түсінігіндегі философиялық антропология ілімінің
жүйесін реттеген бағдарлама іспеттес болды. Зерттеу барысында Шəкəрімнің қазақ философиясындағы
адамның рөлі мен орны зерделенді.
Түйін сөздер: Шəкəрім, дүниетаным, адам, ар-ождан, тұлға.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-25