Философияның жəне ғылымның демаркациясында еркіндік категориясының маңызы
Аңдатпа
Мақалада философия мен ғылымның шекарасын ажыратудағы еркіндік категориясының рөлі талданады. Егер ғылыми таным бар нəрсені бейнелеп, ол туралы барлық ретінде білімдер жүйесін түзуге бағытталатын болса, философия дүниеге құндылық тұрғысынан көзқарасты міндеттілік тұрғысынан өмірдің белгілі бір мəні ретінде құрады əрі негіздеуді, оның ішкі логикасын ашуға, дамудың бағыттары мен болмыстық көріністерінің мүнкін формаларын барлауға тиіс. Адам болмысының ондай құндылықтық мағыналары сан алуан болуы мүмкін. Олар адамдар қауымдастықтарының рухани бейнесін құрайды. Ал бұл адамның түпкі онтологиялық еркіндігімен, яғни бастапқы мəнімен, үнемі рухани соны мəнділіктер ашуға, қабылдауға, яғни оның дүниеге құндылықтық көзбен қарауға байланысты. Қабылданған белгілі бір құндылықтар жүйесі оны ұстанған адамдардың бүкіл іс-əрекеттерін бағыттап тұратын жан дүниесінің ішкі ұйытқысы. Ал философиялық əртүрлі жүйелерде еркіндік əртүрлі түсінілетіндіктен олардың ғылымда алатын орны да өзгеше болып тұрады. Басқаша айтқанда, ғылымдардың методы мен таным жолдары белгілі бір метафизикалық негізге сүйенетіндіктен, Г. Маркузе мен М. Хайдеггер айтқандай, олар тарихи өзгермелі. Түйін сөздер: философия, ғылым, онтологиялық еркіндік, зар, міндетті, баршылық, айыру, рефлексия, шығармашылық, құндылықтық мəні, дүниетаным, түсіну, түсіндіру.
