Ғылым ретінде басқару теориясының қалыптасуы
Аңдатпа
Бұл мақалада ғылым ретінде басқару теориясының қалыптасу жəне пайда болу тарихы қарастырылады. Басқару теориясының пайда болуына жəне дамуына əлемнің сапалы өзгерістері негізіндегі өндірістік, ғылымитехникалық дамудың салдары үлкен əсерін тигізді, осындай өзгерістерге байланысты XX ғасыр қоғамының əлеуметтік құрылымы да өзгеріске ұшырады. Дегенмен басқару теориясын адамзаттың Ежелгі өркениеттерінен де аңғаруға болады. Сондықтан басқару ой-пікірдің қалыптасу жəне шығу тарихын талдау, оны теоретикалық тұрғыда ұғыну: басқару дегеніміз не? басқару теориясын қалай түсінеміз? басқару теориясы шын мəнінде ғылыми пəн болып табылады ма? деген сұрақтарға жауаптар алуымызға көмегін тигізеді деген ойдамыз. Түйін сөздер: басқару, басқару теориясы, басқару ғылымы, қоғамдық қатынастар, əлеуметтік жүйе, қоғам, басқару мектептері.







