Иммануил Кант: мəңгі бейбітшілік туралы

Авторлар

  • A. K. Abisheva

Аңдатпа

Мақалада демократиялық азаматтық  құқықтық тəртіп нормаларын жəне адам құқығын ұлттық ауқымнан халықаралық деңгейге дейін ұластыру туралы И. Канттың космополиттік идеясына талдау жасалған. Мəңгі бейбітшілікті Канттың ойынша үш бірлікте: халықтың құрамындағы адамдардың мемлекеттік азаматтығын, мемлекеттердің өзара қатынастарындағы тең құқықтылығын жəне бүкілəлемдік азаматтық құқықты ұштастыру арқылы қамтамасыз етуге болады.  Əлемдік қауымдастық тəртіп үшін Канттың ойынша, ең қолайлысы – таза құқықтың принциптері мен жалпыға ортақ бостандық принципіне құрылған республикалық жүйе. И. Канттың ең түбегейлі идеясы – əрбір адамды халықаралық құқықтың субъектілері деп тануға құқықты негіз бола алатын  жалпы əлемдік азамат туралы ілімі. И. Кант бейбітшілік, əлемдегі қауіпсіздік жəне адамдардың құқығын қорғайтын заңды  дайындауға тиіс Ұлттар лигасының жобасын жасады. Ю. Хабермас Канттың тең құқықты мемлекеттер конгресі туралы жобасын іске асырған Біріккен Ұлттар Ұйымы болып табылады деген тұжырым жасай келе қазіргі жаһандану жағдайындағы  БҰҰ қызметі туралы мəселелерді қарастырады. Түйін сөздер:  мемлекеттік азаматтылық, халықаралық құқық, бүкілəлемдік азаматтық, демократия, жалпы құқық, адам құқығы, бостандық, космополиттік құқық, мəңгі  бейбітшілік, қауіпсіздік, БҰҰ, жаһандану.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-25