Орта Азиядағы исламдық радикализм идеологиясының ерекшеліктері

Авторлар

  • Sh. C. Rysbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • K. M. Borbassova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. K. Duissenbaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. K. Duissenbaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақаладақазіргікезеңдегіисламныңжағдайына сараптамажасалады. АвторларОрталықАзия аймағы мен Қазақстандағы діни экстремизмнің өрбу мүмкіндігі туралы ойларын тұжырымдайды. «Хизб-утТахрир», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «сəлəфиттер» сияқты басқа да экстремистік ұйымдардың қызметтері қарастырылады. Бұл мəселе бойынша авторлар Орта Азияда ислам атын жамылған діни-саяси экстремизмнің пайда болып дамуының тарихына назар аудармай, тек посткеңестік дəуірдегі жағдайды қарастырады. Қазіргі кезеңде Орта Азияда радикалды исламдық ағымдардың «Аль Каидамен» бірігуі жəне олардың қызметтерінің бағыты мен əдістерінің біртіндеп өзгергендігі бақалады. «Кешегі» исламдық топтардың ұйымдастырушы моделінің жойылып, олардың орнына жаңаларының пайда болу тенденцияларына куə болып отырмыз. Бүгінде бұл топтардағы жақсы дайындықтан өткен, тек қана жалпы идеологиялық бағытты ұстанған, ешқандай ұйымға қатыссыз, жеке əрекет жасайтын ұйым мүшелерінің қызметтеріне басымдылық беріліп отырғаны белгілі болып отыр. Жекеленген мүшелер мен ұсақ топтарды ортақ мақсат, ортақ идология байланыстырады. Түйін сөздер: «Хизб-ут-Тахрир», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «сəлəфиттер», уаһабшылдық, идеология, радикализм, діни жағдай.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-24