Дін жəне қазіргі саяси үдеріс
Аңдатпа
Мақалада қазіргі саяси үрдістерге діннің əсері қарастырылады. Əлемдік қауымдастықта дін ұлттық мəдени құндылықтарды сақтауда басты қызмет атқарады. Сонымен қатар дін саяси үдерістің барлық аспектілеріне ықпал етеді. Дін саяси үдерістің барлық аспектілеріне терең əсер етеді. Жұмыста қазіргі жағдайдағы саяси үдерістерге дін мен тенденциялары талданды.Қазіргі жағдайдағы мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне діниліктің күшеюі діниаралық диалогтың іске асуына база назар аударылады. Діннің саясатқа əсері, діннің саяси үдерістегі рөлі мен қоғамның түрлі саласында көрініс табатын факторларына көңіл бөлінеді. Мақалада бүгінгі əлемдік саясаттағы діни фактор əлемде болып жатқан жаһандық үдерістерге байланысты болып келеді, сондай-ақ оның мəні үнемі өсуде, əлемдегі дін мен шіркеудің саяси үдеріске əсерін талдай отырып, əлемдік қауымдастықтың конфессиялық гетерогенділігі ерекшелігін есепке алу қажет. Түйін сөздер: саяси үдеріс, дін, саясат, дінді саясаттандыру, жаһандану.







