«Жаза» фильмінің режиссерлық нұсқасының монтаждық құрылымының өзгеруінің драматургия мен фильмнің жанрлық сипаттамасына әсері
Аңдатпа
Мақалада «Жаза» фильмінің екі нұсқасының арасындағы айырмашылық, бұл айырмашылықтардың пайда болу себептері, олардың фильмнің драматургиясына, сонымен бірге жанрлық сипаттамаларына әсері талданады. Екі түрлі нұсқаның туындауына әсер еткен жағдай баяндалады. Фильм кейіпкерлерінің өзгешелігі қалай жасалғаны, олардың неге өзгерісті қажет еткендігі, олар жалпы көрермендердің фильмді қабылдауына қалай әсер еткендігі талқыланады. Кейіпкерлердің мінез-құлқын өзгерткен режиссердың әдіс-тәсілі қарастырылып, қойылымның монтажы қандай жолмен өзгергені талданады. Соңының басқаша болып бітуінің қажеттілігі, екі ақыр-соңының да ішкі архитектурасы, әртүрлі нұсқадағы жағымсыз кейіпкерлердің арасындағы айырмашылық дәлелденеді. Талдаудың нәтижелері жалпы кино өнері үшін жинақталады. Түйін сөздер: кино, монтаж, драматургия, жаза, сюжет, кейіпкер.
