Әлеуметтік өзгерістер құрылымындағы мультикультурализм типологиясы

Авторлар

  • E. Ananeva К.Д.Ушинский Оңтүстік Украин ұлттық педагогикалық университеті

Аңдатпа

Мақала мультикультурализм феноменін және оның әлемдік қауымдастықтардағы болып жатқан өзгерістерге байланысты классификациясын талдауға арналған. Мультимәденилік идеясы жаһандық әмбебаптылыққа қарсы шығуға анағұрлым болашағы бар жауап болып табылады. Бұл қазіргі әлемнің даму стратегиясы және адами плюралдықты түсіндірудің жаңа мүмкіндігі. Мультикультурализм постмодерннің мәдени ахуалын бейнелей отырып, оның құндылықтық бағдарымен үндеседі. Мәдениеттің моделі ретінде мультикультурализм даму туралы орталықтанған түсінікті терістеуді және мәдени әртүрлілік формаларын заңдастыруды таңдайды. Бірақ, мультикультурализмнің әлеуметтік құбылыс, қоғамдық күй және философиялық категория ретінде жалпыға ортақ типологиясы жоқ. Мақалада мультикультурализм феноменін және адамзаттың әртүрлі тарихи және өркениеттік кезеңдеріне байланысты зерттеудің әдіснамалық негіздерін классификациялауға талпыныс жасалған. Автор мультикультурализмнің мультимәдени қоғамдағы интеграция және тұрақтылық компоненттеріне негізделген әлеуметтік шартталған феномен және философиялық категория ретінде типтелуін; мультимәдени қоғамдағы құндылықтар; дін саясаты, ар-ұждан бостандығы және сөз бостандығы; мультимәдени қоғамдағы саяси делиберацияны қажет етеді. Мультикультурализм типологиясының мәнін түсіну жалпыөркениеттік және нақты-тарихи өлшемде мультимәденилікті дұрыс қабылдауға алып келеді. Түйін сөздер: жаһандану, мультикультурализм, мультимәдени қоғам, плюрализм, постмодерн, мультикультурализм типологиясы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-22