Адамзат тарихындағы діни бостандықтың қалыптасу кезеңдері және оның саясатқа ықпалы

Авторлар

  • Ye. O. Sadibekov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ye. Ye. Omargazy Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақала адамзат тарихындағы кейбір діндер мен діни бөліністердің даму эволюцияларын және олардың саясатқа ықпалын талдауға арналған. Сонымен қатар, мақала негізі тарихтағы діни бостандық пен діни толеранттылықтың қалыптасуы шегінде баяндалады. Діни төзімділік пен діни сенімнің мемлекет өміріндегі жетекші рөлін, мемлекеттік тұрақтылық пен дамудың көрсеткіштерінің бірі ретінде анықтайды. Мақала шеңберінде ретроспективті талдау жасалынып, Кирдің өз мемлекетін ұлғайтуы, күшейтуі кезінде діни бостандыққа қатысты қалай және қандай саясат ұстанғаны жайында, Шыңғысханның мемлекеттік саясатындағы діннің рөлі туралы, Франция, Ұлыбритания, АҚШ-тағы басқа елдердің саяси тарихындағы діннің ахуалы, діни бостандық туралы көптеген факторлық және дискрептивті мысалдар келтірілген. Мақала мақсаты келесідей түсініктерге қатысты сұрақтарға жауаптар іздеу: дін мен саясат, адамдар бостандығы мен діни сенім еркіндігі, адам және оның конституциялық құқығы, дін саласындағы мемлекет саясаты қандай болуы керек және тағы басқа. Түйін сөздер: дін, мемлекет, саясат, саяси ерік­жігер, діни бостандық, діни төзімділік, мемлекеттік қауіпсіздік, конституция.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-22