Қазіргі Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасу өзгешіліктері

Авторлар

  • S. A. Kasabekov Central Asian University image/svg+xml
  • Z. B. Malgaraeva Қазақ гуманитарлық-заң университеті
  • L. A. Umirzakova Қазақ гуманитарлық-заң университеті

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі азаматтық қоғамның дискурс бойынша әртүрлі тәсілдер қарастырылып, оның негізгі құндылықты өлшемдері талқыланды. Оны құрайтын негізі ретіндей келесі сипаттамалар ұсынылды: бірлестіктердің тәуелсіздігі мен мемлекеттің қоғамнаң тәуелділігі; ынтымақ, жауапкершілік, әлеуметтік капиталдың дамуы; бейбіт мәдениеті мен диалогты құндылық ретіндей бекіту; азаматтардың тіршілік ету бастауларының тәуелсіздігі мен орта топтардың тұрақтылығы; мемлекеттің қоғаммен байланысу жолдарын қалыптастыру, әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі; қоғамның өз-өзін басқару механизмдерді қалыптастыру. Қазақстандағы НПО -дамуының статистикалық талдау барысында, оның іс-әрекет бағыттары мен қоғам жағынан қатынасы қарастырылды. Сонымен қатар азаматтық қоғамның қазіргі жай-күйінің себеп пен факторлардың талдауы көрсетілді. Олардын ішінен тарихи, құқықтық, экономикалық факторлар қарастырылды. Мақалада азаматтық инициатива азаматтық қоғамның дамуының, жеке тұлғаның жауапкершілік пен моральдық тәуелсіздігінің, ынтымақтастығының негізгі шарты ретінде қарастырылды. Түйін сөздер: азаматтық қоғам, демократия, легитимділік, ынтымақтастық, әлеуметтік капитал.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-22