Қазақстандағы мәдени жаңғырудың кеңістіктік-уақыттық өлшемдері
Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның уақыттық-кеңістіктік мәдени жаңғыруының төрт кезеңі философиялық білім тұрғысынан сараланған: 1) Тарихи тұрғыдан алсақ қазақ елінің мәдени дәстүрін көне дәуірден бергі әдет-ғұрып, рәсім-салт құрады. 2) ХҮІІІ-ХХ ғғ. оған Ресейдің саясаты, бертін келе коммунистік партияның идеологиясы біржақты ықпал етті, мәдениеттің ұлттық ерекшелігін іштей әлсіретті. 3) 1990-2015 ж. тәуелсіз Қазақстан ұлттық мәдениет пен этносаралық қатынастың жаңа негізінде қарқындады. 4) 2015-2050 ж. қамтиды. Болашақта қазақ халқының Қазақстанның стратегиялық дамуына қосар үлесі еселемек, атқарар әлеуметтік жауапкершілігі анағұрлым артпақ. Өйткені кез келген ұлттың мәдени жаңғыруының ортанбел категориясы адам болып табылады. Алдағы тарихи кезеңде «Қазақ мемлекеті» деген мәртебе қайта оралмақ. Осыдан қазақ халқының тарихы мен мәдени болмысын болашақта еуразиялық бір өлшеммен сипаттау немесе бағалау мүмкіндігі орнықпақ. Шығыс пен Батыс қазақтың қалыптасуына біртекті емес. Оның үстіне қоғамдық құбылмалы қозғалыста өмірлік тәжірибелер және адами құндылықтар бірден арнасын таппады. Әйтсе де, жетістіктің тетігі мен кілті – қоғамдық күште, елдегі күш-қуаттың бастамасы – ауыз бірлікте, іштей бітімде, халыққа деген адал қызметте деген түсініктер ерте қалыптасты. Халқымыздың тағдырына, тарихына тағзым ете отырып, оның кейбір белестеріне ой жүгіртелік. Түйін сөздер: ұлттық дәстүр, мәдени жаңғыру, сабақтастық, гуманизм, әлеуметтік жүйе, қоғамдық келісім, ұлттық бірегейлік, ұлттық қауіпсіздік.
