Жаһанданудың құндылықтық негіздері
Кілт сөздер:
жаһандану, еркіндік, құндылықтар, ғылым, техника.Аңдатпа
Мақалада жаһандану жағдайындағы адам болмысы, оның ер- кіндігі мен құндылықтары хақында мәселелер қарастырылады. Ав- тордың пікірінше, жаһандану адамдар үшін түпкі мақсатқа, яғни ең өзекті құндылыққа айналмауы тиіс. Өйткені адамның мәндік негізі - оның еркіндігі, өзін-өзі айқындауы, шығармашылығы мен құндылық- тарды таңдауы құндылықтардың әртүрлілігі, даму тәсілдерінің көп мүмкіндігі негізінде қалыптасқан тек қана жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар түгелдей мәдениеттің өзіндік қайталанбастық, дара- лық, ерекшелігін сипаттайды. Тек осындай жағдайда ғана жаһандану әртүрлі мәдениеттердің өзіндік өзгешелігіне қатер төндірмейді. Жа- һандану үдерісі адамдардың еркіне тәуелсіз табиғи-тарихи заңды- лықпен өтетін үдеріс емес, олардың белгілі құндылықтарының, мақ- саттарының, мысалы - үстемдікке ұмтылыстарының - болмыстыққа көріну формалары деп қарастырылады. Адам қызметінің белгілі бір жақтарын техн и калан дыру және ақпараттандырудың оның мақсат- тарынан бөлек тәуелсіздікке ауысу бағытын дамыту арқылы оларды абстракциялық формальдық, өзі-өзіне мақсат үдерісіне айналдыра- ды. Автор И. Канттың, М. Хайдеггердің, К. Ясперстің, Э. Агаццидің идеяларына сүйенген.







