Қазақ және түрік ақын-жыраулары шығармашылығындағы толеранттылық қағидасы

Авторлар

  • Д. С. Дариябек
  • С. Е. Нұрмұратов

Кілт сөздер:

толеранттылық, ақын-жыраулар, ізгілік, имандылық.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстанда ата-дәстүр мен рухани мұраларды
ұрпақ тәрбиелеуге ендіруге көп көңіл бөліне бастады. Әсіресе то­
леранттылық ұстанымы мемлекеттің негізгі қағидаларының біріне
айналды. Қазақ ақын-жыраулары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдай­
бердіұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Бұдабай Қабылұлы сынды дүл­
дүлдердің жыр жолдарынан адамзаттың бірлігі мен терең сүйіспен­
шілікті паш еткен ойларды кезіктіреміз. Сонымен қатар дүниетанымы
бір түрік ақындары мен шайырларының еңбектерінде де толерант­
тылық ұғымдары молынан ұшырасады. Әсіресе, Мәулана Румидің,
Жүніс Әміренің мәнді шығармаларында төзімділікті, толеранттылық­
ты дәріптейтін, оны діннің бір бөлшегі ретінде көрсететін пікірлер
жетіп жатыр. Бұл сабақтастық кейіннен түркі халықтарының барлық
сөз иелерінің ойларынан көрініс тауып, түркі халықтарына ортақ мен­
талитеттің қалыптасуына себеп болды. Біз мақаламызда қазақ және
түрік ақын-жырауларының шығармаларындағы толеранттылық мәсе­
лелеріне назар аударатын боламыз.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-04-01