Тарихтағы жаппай зорлық-зомбылықты ақтау мәселелері

Авторлар

  • Д. А. Mацюк
  • Г. С. Симуканова
  • Б. А. Нуралина

Кілт сөздер:

агрессия, әлеуметтік зорлық-зомбылық, жазалау ша­ ралары, легитимділік, революция, зорлық, әлемдік саясат, терроризм.

Аңдатпа

Мақалада адамзат тарихындағы жаппай зорлық-зомбылықты ақ­
таудағы әлеуметтік-философиялық талдау жасалынады. Біздің ойы­
мызша, адамзат тарихында зорлық-зомбылықты ақтау өзінің түптамырын
көне алғашқы қауымдық кезеңінен алады. Дәл сол кезде
зорлық-зомбылық өз тайпаластары мен көршілері тарапынан бола­
тын күнделікті өмірдегі қауіп-қатерлерге беретін пенденің жауапты
реакциясы болған. Мыңжылдықтар бойы, яғни кұлиеленушілік дәуір­
де әлеуметтік зорлық-зомбылық бұқаралық сипатқа ие бола баста­
ды. Ежелгі Шығыстың (Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай) құлиеле­
нушілік өркениеті қатардағы егіншілердің қалың көпшілігін қанауды
мемлекеттік саясат дәрежесіне орнатты. Міне, дәл сол кезден бастап
жаппай зорлық-зомбылықты ақтаумен мемлекеттік құлиеленушілік
механизмін қолдау туындаған.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-04-01