Философияның мәдениеттанулық аспектілері: тарихы, принциптері, әдістемесі
Аңдатпа
Автор қазіргі заманғы мəдениеттану ғылымының мəні туралы мəселені, əсіресе, оның мəдениет- танулық принциптерінің қалыптасу тарихы жəне жалпы философиялық теориялық білімді функционалды-мəндік құраушыларды ұйымдастыру мен əдістемесі сияқты аспектілерін қарастырады. Соған байланысты мəдениет философиясының құндылықтық жалпылығы, тарихиөркениеттік алғышарты, этно-демографиялық жəне көркем-волюнтативті сияқты басқа да бөліктері талданады. Жалпы қалыптасу процесінде адам табиғаты дəстүрлікті сақтау жəне жат, радикалды нəрселерге қарсылық білдіру сияқты инстинктивті əрекеттерді қалыптастырды. Осы консервативтілік арқылы уақыт өткен сайын философиялық концепцияларда орын алып келе жатқан «тарихтың соңы», ғылым мен мəдениеттің дағдарысы туралы көптеген теориялар түсіндірілуде. Оның басы Дания гуманисі Сёрен Кьеркегордың «торығу философиясынан» басталып, ары қарай О.Шпенглер, Г.Зиммель, Э.Гуссерль, А.Вебер, Т.Лессинг, П.Сорокин жəне т.б. сияқты көптеген белгілі философтардың шығармашылықтарында жалғасты. Мəдениеттің дағдарысы туралы философиялық рефлекцияның негізгі ойы кез келген құбылыстың өткіншілік сипаты туралы ой болып табылады, осыған байланысты Жаңа заман мен Ағартушылық дəуіріндегі ғылымның дамуы мен классикалық рационалдылық өткен кездегі құбылыстарға жатады, оның орнына өмір сүруді жеңілдетуге, практицизмге жəне жайлылыққа негізделген интеллектуалдық еңбек үстемдік ететін уақыт келеді. Мəдени дамудың соңғы тұжырымы постмодернизмге – мəдениеттің дағдарысын түсіндірумен байланысты пайда болған бағытқа жатады. Оның өкілдерінің (М.Фуко, Ж.Делез, Ж.Лиотар, Ю.Кристева.) тұжырымдауынша, қоғамдағы руханилықты бағаламау адамның шын мəнінде тек тұтынушылық ниетін білдіреді, ал мұнда өнер мен мəдениет қоғамда тек сауықтыру қызметін ғана атқарады. Постмодернизмнің тұжырымы: қоғамдағы тұрақты құрылымдарды толықтай теріске шығару, шығармашылық хаос, «диалогтық қиялды» жариялау (М.Бахтин), ақпараттық технологиялардың рөлін талдау. Автордың тұжырымдауынша, егер ойы мен көрінуі қажеттіліктермен жəне жалпы мүддемен астасып жатса, онда көркем шығармашылық эстетикалық кейіпке енеді. Мəдениет – бұл адамзат əрекетінің қазынасы жəне оның ақыл-ойының барлық көрінісі. Негізгі сөздер: мəдениет философиясы, тарих, индивид, руханилық.
