Шәкәрімнің философиялық дүниетаны мындағы руханилық мәселесі
Кілт сөздер:
жан, ар, руханилық, ұждан, ақыл, ғылым, дін.Аңдатпа
Мақалада қазақтың кәсіби философы болып табылатын Шәкә
рімнің философиясындағы өзекті болып келетін руханилық мәсе
лесі қарастырылады. Шәкәрімнің бойында теологиялық түсініктер,
синкретизм мен мистицизм, заманауи ғылыми және антропология
лық білімдер көрініс таба отырып, ерекше бір философиялық реф
лексияның бірегей мысалы болып келеді. Шәкәрім философиясының
ортасында адам, сондықтан ойшылдың бүкіл рухани ізденістері мен
ойлары соған бағытталған. Ойшыл адамның рухани қалыптасуының
жолдарын іздей тұра осы мақсатты адам экзистенциясының басты
мәселесі ретінде түсінеді. Шәкәрім адам болмысының мәнін білімде
көреді, әсіресе жүре келе танитын ақиқатты білімде. Ақиқатты бі
лім тек рационалды біліммен шектелмейді, ғылыми танымнан бөлек
адамға рухани таным қажет, ізгілікті тани білуі керек.
