Діни бірегейлік: негізгі анықтамалар мен концептілерді талдау
Кілт сөздер:
идентичность, религиозная идентичность, идентификация, Казахстан, религия, культура, общество.Аңдатпа
Мақала діни бірегейліктің негізгі анықтамалары мен концептіле- рін талдау қарастырылады. Діни бірегейлік категориясы әлеуметтік бірегейліктің құрамдас бөлігі ретінде, ұрпақтан ұрпаққа берілетін, қоғамдық мінез-құлық нормалары мен моралін анықтайтын мәдени код болып табылады. Діни бірегейлікке қатысты негізгі зерттеулерді талдау, дін бірегейлік үдерісінің маңызды мазмұны екендігін көрсете- ді. Жаһандану үдерісі қоғамдағы жаңа құндылықтық бағдарлар үшін шекараны ашты, әсіресе, бұл «исламдық», «христиандық» және баска да бірегейліктердің жаңа формаларына қатысты болды. Заманауи бірегейлену үдерістері адамның қандай да бір дінді ұстануы, оның географиялық немесе этникалық тұрғыда әлем мен қоғамда алатын орнын көрсетпейтінін айқындады, себебі діни (конфессионалды) жә- не этникалық тән болу арасындағы тепе-тең байланыстар, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын әртүрлі салаларда кездесуі мүмкін.







