Ұлытау – билік ордасы

Авторлар

  • Е. Ғарифолла Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Аңдатпа

Мақалада Ұлытау – қазақ халқының тарихи орталығы, далалық өркениеттің орталығы туралы мәселе көтеріледі. Автор Ұлытаудың құдыретін Қазақстанның ұлттық тарихының маңыздылығы­ мен байланыстырады. Ұлытаудың мемлекеттік басқару жүйесі, қазақтардың ата дәстүріне тікелей қатысты екенін айқындап, тарихи дәстүр бойынша хандарды «ұлықтауға» қатысты мәселе ретінде түсіндіреді. Сонымен қатар мақалада Жошы ханның мәңгілік мекені Ұлытау өңірі болғандығы дә­ лелденеді. Ұлытау өңірі – биік армандар орындалған және бірлік пен ынтымақтың орталығы болған тарихи тұлғалар мекені ретінде таныстырылады. Мақалада қазақ елінің тарихына, Қазақ хандығы тарихына шолу жасалады. Әлем әміршісі болған Шыңғыс хан жайында баяндалады. Өз ойын қоры­ тындылай келе автор егеменді ел болған заманда қоғам үшін қажетті фактор тарихи қалыптасқан тәрбие мен білім деген тұжырым жасайды. Түйін сөздер: Ұлытау, көшпенділер мәдениеті, мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақ хандығы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-14