Әлемдік мәдени үдерісінің айқындалу ізденісіндегі қазақстандық қоғам

Авторлар

  • Г. Б. Дайрабаева Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.Ясави
  • Г. А. Шадинова Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.Ясави
  • А. Ж. Малдыбек Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.Ясави

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақстандық даму үлгісінің болмыстық негізінің кейбір мәдени аспектілері қарастырылған. Қазақстанның ұлттық идеясының өзгешеліктері сараланады. Қазақстанның ұлттық бірлігінің одан әрі дамуының негізі айқындалады. «Бірлік алуантүрлілікте» тұжырымдалған концепт қазақстандық мәдениет болмысының қазіргі мәдени және әлеуметтік үдерістің толқынында өрістететін негізгі онтологиялық ұстаным болып табылады. Жүргізілген зерттеулерге қарағанда, Қазақстанда бүгінгі таңда шешуші жылжу сезіледі, тіпті толығымен мәдениетті жандандыруға де- ген үндеу бар. Қазақстан үшін еуразияшылдық бірлікті нығайту және алуантүрлілікті қолдау өзекті мәселелердің біріне айналды. Түйін сөздер: ұлттық идея, Қазақстан, еуроисламдық диалог, бірлік, жаһандану, егемендік, мәдениетті бірегейлік, еуразияшылық шоғырлану дәстүрлері.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-14