Конфуций мен Кант: адамгершілік қағидаларының ортақтығы туралы
Аңдатпа
Мақалада Конфуций мен Кант этикасының негізгі қағидаларына салыстырмалы талдау жүргі- зіледі. Конфуцийшілдік туралы айтқанда, жалпы Конфуций ілімі Қытай философиясының негізгі да- му бағытын қалыптастырғаны туралы айту қажет. Сонымен бірге, зерттеушілер Конфуций ілімі Қытайдағы этикалық ойлардың қалыптасуына терең әсер еткенін атап өтеді. Иммануил Кант Батыс Еуропа философиясының көрнекті өкілдерінің бірі болып табылады. Ол қалыптастырған адамгер- шіліктің бұлжымас императиві мен автономиялы мораль туралы ілім Батыстағы барлық этикалық үлгілердің негізінде жатыр. Берілген мақалада философиялық компаративистика тұрғысынан Конфуций мен Кант этика- сына салыстырмалы талдау жүзеге асырылады. «Конфуций – Кант» мәселесі Моу Цзунсань, Ду Вэй- мин, Фэнь Юлан және Ли Минхуэй сияқты Қытай зерттеушілері мен философтарының еңбектерінде қарастырылады. Түйін сөздер: Қытай философиясы, этика, адамгершілік метафизикасы, жауапкершілік этикасы.







