Қазіргі күндегі қазақ қоғамына бәсекеге қабілетті әйел дәрежесінің деңгейлік мәселесі
Аңдатпа
Бұл мақалада біздің еліміздегі әйелдің дәрежесі ең жақсы нәтижеге жетуіміз үшін қандай болуы керек екендігін білу үшін, дамыған Батыс елдеріндегі әйелдердің дәрежесі мен осы Батыстың Рене - сансының фундаментін қалаған Мұсылман елдеріндегі әйел дәрежесі қарастырылды. Осы мәселе бойынша бәсекеге қабілетті елдердің әйелдерінің дәрежесі және осы статустың келешекке қанша- лықты бейімділігі зерттелінді. Қазіргі таңда білім, ғылым, тұтынушылық салдарынан тек Батысқа ға- на еліктеуменен дамып жатыр, алайда бірінші ұстаз Аристотель болғанымен де одан да өткен мықты ұстаздардың нәр алған жері Ислам діні болғанын еш ескерілмеуде. Бағытты көрсету мақсатымен мен Малайзия елінің әйелдері мен Түркия елдерінің әйелдерінің арасында дәрежесі туралы анали- зі жасала отырып, негізіндегі Исламдағы әйелдің дәрежесін бүгінгі өмірдің көзқарасыменен қайта өңдеуге өткізуге шақыра отырып, Құранның әріптеріне емес Құранның мағынасына үңілуді көздей отырып, Жаратушының соңсыз ақылына сүйене отырып, қазақ әйелі қандай болуы керек сауалына жауап ізделінді. Қазақ әйелі қазақтың атын әлемдік дәрежеге шығару үшін қазақшылықтың келе- шекке зиян беретін элементтерінен арылып тура жол көзделінді. Түйін сөздер: Ислам, әйел дәрежесі, Құран, феминизм, қазақшылық, рухани құндылық, бақыт, жанұя, Қазақстан.
