Ислам дінінің Мекке кезеңіндегі пұтқа сенушілер мен мұсылмандар арасында орын алған келіспеушіліктің саяси, әлеуметтік, діни себептері
Кілт сөздер:
Хилфул фудул, Хилфул Силах, әл-Фиджар, Құрайыш, Хауазин, Кинан, Қайс, Уқаз, Қағба, Құдыс, Пұт, Лат, Ұза, Хижрат, байкот, Дарун-Надуа, шейх, зороастризм, христиан, Ақаба, диалог.Аңдатпа
Ислам дінінің пайда болуымен Араб жарты аралының Хижаз өлкесінде ескі пұтқа сенушілік нанымды ұстанушылар мен Мұхаммед (с.а.у)-ның соңынан ерген мұсылмандар арасында діни қарама-қайшылық орын алды. Екі тараптың бір-біріне қарсы келуінің негізгі себебі діни ұстанымдардың қайшылығы болғанымен, өзара қарым-қатынастың тым шиеленісіп кетуінің өзге де тарихи, мәдени, экономикалық себептері болды. Әдетте тек діни сенімге қатысты қайшылық келе-келе саяси мүдделердің теке-тіресіне айналды. Тіпті, Мекке қаласында саяси салмағы басым пұтқа табынушы құрайыштықтар мұсылмандарға экономикалық байкот жариялады. Мұсылман қауымының көпшілігі әл-ауқаты төмен әлжуаз топтан құралғандықтан, алғашқыда оларға араб қоғамындағы дәстүрлі трайбалистік түсінік қорған болды. Мұсылмандық қозғалыстың жетекшісі – пайғамбар Мұхаммед (с.а.у)-ды да өзінің мүшрік туыс ағасы, Дарун-Надуаның (Мекке парламенті) беделді ақсақалы Әбу Тәліп дұшпандардан қорғап бақты. Эфиопияға мұсылмандардың қоныс аударуымен өзге елдермен халықаралық қарым-қатынас әрі дінаралық сұхбаттастық жасауды іске асыра бастады.
