Мультикультурализмнің әзербайжандық үлгісі

Авторлар

  • Ф. Рашова Azerbaijan Tourism and Management University image/svg+xml

Аңдатпа

Қазіргі әлемде мультикультурализмнің көптеген үлгілері мен түрлері бар. Мультикультурализм
терминіне қатысты әр түрлі бағыттардың болуы бұл құбылыстың күрделі және ерекше
құрылымын растайды. Олардың біразын сараптай келе мультикультурализмнің төрт негізгі
модельдерін іріктеп алуға және олардың әзірбайжан мультикультурализммен бірегейлігін
көрсетуге болады. Мақалада мультикультурализм ұғымына сипаттама беріледі және әлемдегі
белгілі мультикультурализм модельдері қаралады.
Қазіргі философия, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану бойынша еңбектерде
мультикультурализм мәселелері талқыланады. Мультикультурализм саясаты ұлттық мемлекеттің
әр түрлі әлеуметтік-мәдени қоғамдардың ашық қызметіне жауап болып табылады. Мақалада
Әзірбайжан Республикасындағы мультикультурализмнің дамуындағы мемлекеттік саясат
сипатталған.
Бөтен құндылықтар мен нанымдарды күштеп біріктірген мәдениеттердің өзара әрекеттесуі
пайда балады. Бірақ ең қолайлы және дұрыс деп мәдениеттер сұқбаты болып есептеледі.
Ұлтаралық сұқбаттың негізі өзара сыйластық және өзара түсіністік принциптері болуы тиіс.
Мақаланың қорытындысында қазіргі қоғамдағы мультикультурализмнің рөлі ашылады.
Мультикультурализм саясаты әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылық, көпұлтты мемлекеттің
қарқынды дамуының кепілі болып табылады. Мультикультурализм принциптері түрлі этникалық
және аз топтарға қатысты құрмет пен төзімділікке негізделген.
Түйін сөздер: мультикультурализм, Азербайджан, үлгі, саясат, халықтар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-09-21