Халықаралық жанжалдарға жаһанданудың ықпалы
Аңдатпа
Зерттеудің негізгі мақсаты жаһандану жағдайындағы жанжалдың мәні мен мағынасын ашу
болып табылады.
Осы мақсаттың негізінде мынандай міндеттер қойылады:
- заманауи халықаралық жанжалдардың ерекшеліктеріне ықпал ететін жаһандық үрдістерге
жүйелі талдау жасау;
- жаһандық проблемалардың пәнаралық сипатын көрсету және жаһандық зерттеулердің
негізгі бағыттарын анықтау;
- заманауи жаһандық проблемалардың және олардың халықаралық жанжалдарға ықпал
етуінің негізгі саяси астарларын айқындау;
- халықаралық жанжалдардың мазмұндық мәнін ашу, жаһандану үдерістерінің негізгі
сипаттарының әлемнің заманауи саяси даму ерекшеліктерімен өзара байланысын көрсету.
Зерттеудің теоретикалық және әдіснамалық негізі ретінде жаһандану және жанжал
мәселелерімен айналысатын отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері табылады.
Жұмыстың маңызды теоретикалық негізі ретінде заманауи саясаттанушылардың,
халықаралықтанушылардың, құқықтанушылардың, әлеуметтанушылардың еңбектері алынған.
Проблеманы талдаудың маңызды әдіснамалық принциптері болып: тарихилық принципі, мәселені
шешудегі кешенді ыңғай принципі табылады. Теоретикалық принциптер аналогия әдісінің және
халықаралық ыңғай мен жүйелеу экстраполяциясының көмегімен жүзеге асырылады.
Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы оның нәтижелерінің саясаттану, халықаралық
қатынастар, қақтығыстану, әлеуметтану және де басқа гуманитарлық курстарын жасауда
қолдану арқылы айқындалады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін бұқаралық ақпараттық
құралдарының іс-әрекетінде, қоғамдағы жанжалдар проблемасын шешудегі мемлекеттік
құрылымдар, ішкі және сыртқы саясат бөлімдері өз іс-әрекеттерінде пайдалана алады.
Түйін сөздер: жаһандану, халықаралық жанжал, ішкі және сыртқы саясат, заманауи әлемдік
даму, халықаралық қатынастар.
