Қазіргі заманғы қоғам өміріндегі құқық мәдениеті (философиялық талдау)
Аңдатпа
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты философиялық қазіргі заманғы қоғам өміріндегі құқықты
мәдениеттің нақты мәнін анықтау. Сол мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысында төмендегідей
міндеттерді шешу көзделген:
– берілген тақырыпқа байланысты әлеуметтік материалдың теориясы мен практикасына
жүйелі талдау жүргізу;
– рухани және әлеуметтік құбылыс ретінде құқықтық мәдениеттің сипаты мен айтарлықтай
ерекшелігін көрсету;
– құндылыққа бейімделудің негізгі мазмұнын ашу;
Қазақстандағы әлеуметтік шарттарға сәйкес жастардың құндылыққа бейімделу динамикасын,
инновациялық құндылыққа бейімделуін көрсету.
Әлемдік және отандық классиктердің философия және құқық негіздері жайлы еңбектері
зерттеудің теориялық әрі әдістемелік кешені болып табылады. Зайырлы мемлекет пен азаматтық
қоғам ережесін құру жолындағы құқықтық мәдениет айтарлықтай орын алатын факторлардың бірі болғандықтан, әдістеменің негізін құрайды. Негізгі мақсаты – екі бұлжымайтын ережені
түсіну. Біріншісі, ұлттық мәдениетті сақтаусыз ешқандай жаңалау мүмкін емес. Екіншіден,
алға қозғалу үшін ұлттың дамуына кедергі жасайтын өткен заман элементтерді тастау қажет
(Назарбаев, 2017).
Мәдени-құқықтық бейімделу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
стратегиялық нұсқауларына енген.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызды еңбектеріне қазіргі заманғы философтар,
мәдениеттанушылар мен саясаттанушылар, заңгер ғалымдардың, әлеуметтанушылар мен
педагогтардың еңбектері жатады.
Бастапқы методологиялық қағида мәселесіне мыналар жатады: индукция мен дедукция
бірлігі, эмпирикалық және теориялық, тарихи және логикалық, абстрактілі, нақты және
салыстырмалы анализ жасау т.б.
Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы ретінде философия, саясаттану, әлеуметтану
және басқа да гуманитарлық пәндерді зерттеу нәтижесі қоғамдық пікір қалыптастыруда, ішкі
саясат, басқа да мемлекеттік органдардың, БАҚ бөлімінің жұмыстарына пайдаланылу мүмкіндігін
айтуымызға болады.
Түйін сөздер: жастар, құндылықты бағдарлану, транзиттік қоғамы, құқықты мәдениет, әлеуметтену, даму.







