Исламдағы уақып негіздері

Авторлар

  • К. С. Кабдолда Нүр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Аңдатпа

Бұл мақала мұсылман қауымының әлеуметтік-экономикалық мұқтаждығын өтейтін,
мемлекеттік емес үшінші экономика секторы болып табылатын уақып институтының
негіздерін ашып көрсетуге арналған. Ғылыми зерттеудің мақсаты уақыптың әлеумет өміріндегі
маңызы мен орнын қарастыру, исламның уақып сияқты аса маңызды материалдық-рухани саласын
жаңғырту қажеттігін дәйектеу болып табылады. Осы тұрғыда уақыптың атқаратын қызметін,
оның қамту аясын айқындау үшін уақыптардың туындау және даму сипатына, сондай-ақ,
олардың қоғам дамуына әсеріне тарихи шолу жасалды, уақып жүйесінің даму аспектілерін және
оның қызмет ету механизмдерін, уақыптардың әр кезеңдерде өзгеру себептерін анықтау үшін
ғылыми әдебиетке шолу жасалды. Исламдағы уақып институты идеясы ізгі ниеттен туындаған,
терең рухани мазмұнға толы құбылыс ретінде мемлекеттік емес секторды дамытуда қомақты
нәтижелер берді, ал, бұл, өз кезегінде, жалпы пайданың артуына алып келеді, тұтастай қоғамның
әлеуметтік–экономикалық дамуына септігін тигізеді. Бұл жайт берілген мәселенің теориялық
және практикалық зерттелуі тұрғысындағы өзектілігін дәйектеп, уақып институтының біздің
елімізде қазіргі кезеңде іске асырылуын діттейді. Зерттеудің әдістемелік негізін шетелдік және
отандық авторлардың ислам уақыптары мәселелері бойынша еңбектері құрайды. Теориялық
және практикалық аспектілерде шет елдердегі уақып институтының қызмет ету және өзгеру
принциптері мен механизмдерін қорытатын ғылыми зерттеулер мен тұжырымдамалар зор мәнге
ие болды. Әдеби дереккөздерді, мерзімдік басылымдарды және электронды ресурстарды
теориялық талдау және жалпылау әдісі, материалды баяндауда ғылыми таным әдістері
(анализ және синтез, салыстыру, индукция және дедукция) қолданылды. Уақыптар іс-қызметін
толыққанды жүзеге асыру үшін уақып институтын жаңғыртудың хұқықтық негізін, оның елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы міндетін атқаруының сенімді негізі ретіндегі уақыптарды
реттеу механизмдерін қалыптастыру; мұсылман елдердің уақыптарды басқару құрылымдарымен
тығыз байланыс орнатып, уақыптардың зайырлы қоғамда қызмет ету нормалары мен ережелерін
бекіту қажет.
Түйін сөздер: уақыптар, уақып институтын жаңғырту, әлеуметтік-экономикалық даму.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-09-14